• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 10:48:40
Алматы
+12°
Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +16,75%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлады.
 
Банк ақпаратында шешім болжамдар мен нақты деректердің талдауына негізделгені, оған геосаяси жағдайдың белгісіздігі мен салдары, сондай-ақ әлемде азық-түліктің жоғары бағалары сақталып отырған сыртқы ортаның факторлары негіз болғаны айтылады. 

Ұлттық банк мәліметінше, елде инфляция әлі де жоғары деңгейде болып отыр. Қараша айында оның жылдық мәні 19,6% болып, барлық компонент бойынша өскен. 

Сарапшылар түрлі факторларды ескергенде биыл жылдық инфляция 20-21% деңгейінде қалыптасатынын, 2023 жылы 11-13%, 2024 жылы 7-9% шегінде болады деп болжап отыр.

"Биыл ЖІӨ-нің өсуі 2-3% шегінде қалыптасып, кейіннен 2023 жылы 3-4%-ға дейін жылдамдайды. Бұл бұрын болжанған сыртқы сұраныстың әлсіреуіне, мұнай өндірудің біршама қалыпты болуына және кейде Қазақстан экспортын әлемдік нарықтарға жеткізуде туындайтын проблемаларға байланысты. Инфляция бойынша болжам тәуекелдері геосаяси шиеленістің салдарына және оның одан әрі дамуына қатысты белгісіздікке, сауданы құрылымдық қайта құру кезеңінің ұзақтығына, инфляциялық күтудің жоғары және тұрақсыз болуына, жоғары азық-түлік инфляциясының сақталуына байланысты"  делінген ұлттық банк ақпаратында.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: инфляция

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір